• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Наурыз, 2020

Мәскеуде коронавирус жұқтырған 2 адам көз жұмды

214 рет
көрсетілді

Қалалық жедел штабтың хабарлауынша, Мәскеуде вирус жұқтырған екі қарт адам қайтыс болды.

«Пациенттердің жасы 88 және 73-те болған. Олардың коронавирусқа алынған қан талдамалары оң нәтиже көрсетті. Сондай-ақ оларға пневмония диагнозы қойылған болатын. Ілеспелі патологиялары болды» делінген хабарламада.

Қалалық жедел штаб қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар адамдарға өзін-өзі оқшаулау режимін мүлтіксіз сақтау қажеттігін ескертті. 

Ресейде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 650-ге жетті. 29 адам індеттен айықты.