• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Наурыз, 2020

Түркияда коронавирустан тағы 15 адам көз жұмды

171 рет
көрсетілді

Түркияда соңғы тәулікте індет жұқтырғандар саны 561-ге жетті. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter парақшасында жазды.

Министрдің айтуынша, 26 наурыз күні індет жұқтырудың жаңа 561 оқиғасы тіркелді. Осылайша елдегі вирус жұқтырғандар саны 2433-ке жетті.

«Соңғы тәулікте 5035 тест жасалды. Оның 561-і оң нәтиже көрсетті. Жалпы елде 2433 адам вирус жұқтырды, көз жұмғандар саны 59-ға жетті» деп жазды Фахреттин Коджа.