• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Сәуір, 2020

Атырау: «Теңіз» кенішінде жұмысшы коронавирус жұқтырды

791 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Теңізшевройл» ЖШС-не  қарасты мердігер мекеменің бірінде жұмыс істейтін 50 жастағы әйелден жұқпалы індет белгісі табылды. Ол осындағы «Ватернас» вахталық қалашығында тұрады екен.

– Бұл оқиға компанияның өндірістік жұмысына әсер етпейді. «Теңізшевройл» компаниясы қызметкерлерін вирустан қорғау үшін барлық жағдайды жасады. Мұндағы барлық нысанда дезинфекциялық жұмыс тұрақты жүргізіледі. Компания  төрт санитарлық бекеттің жұмысын ұйымдастырды, -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Қазір науқас әйел инфекциялық  изоляторға  жатқызылды. Онымен қарым-қатынаста болған адамдар оқшауландырылып жатыр.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ