• RUB:
    6.6
  • USD:
    518.37
  • EUR:
    609.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Атырау: Көпірден секіруге оқталған азамат құтқарылды

640 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 36 жастағы «Балықшы-Жұмыскер» көпірінен секіруге оқталыпты. 

– Өзін-өзі өлтіруге оқталған  ер адамды көпірден өтіп бара жатқан жүргінші көріп қалған. Оған көмектесуге  блок-бекетке  қызметтік көлігімен келген полиция қызметкері ұмтылған. Атыраудағы №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, аға лейтенант Айдын Қаженов көпірге таяу келіп, секіруге оқталып тұрған азаматты әңгімеге тартқан. Сол кезде жүргінші ер адамның артынан білдірмей келіп, қауіпсіз жерге шығарып алған,-деп  хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір құтқарылған азаматтың мұндай оқыс әрекетке бару себебі анықталуда.