2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті Скотт Энтони Муннды Бас хатшы қызметіне бекітті. Ол бұл лауазымды 2030 жылғы 12 шілдеге дейін атқаратын болады. Жаңа бас хатшы өз міндеттерін 2026 жылғы 13 шілдеде бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл шешім қазақ футболы тарихындағы маңызды жаңалықтардың бірі ретінде бағаланып отыр. Себебі федерацияға Англия Премьер-лигасында тәжірибесі бар және еуропалық клубтық турнирлерде жеңіске жеткен маман шақырылды.
Жаңа бас хатшыға бірқатар стратегиялық міндеттер жүктелді. Олардың қатарында төрешілік жүйесін жетілдіру, футбол академияларын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, клубтарды басқару және лицензиялау стандарттарын күшейту, сондай-ақ коммерциялық және медиа бағытты дамыту бар. Сонымен қатар УЕФА және ФИФА-мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту де негізгі басымдықтардың бірі болмақ.
Ұлттық банк әлемдік футбол додасына арналған коллекциялық монеталар шығарады
ҚФФ президенті Марат Омаров бұл тағайындаудың маңызын атап өтті:
«Федерация шешуші кезеңде тұр. Біз отандық футболдың болашағын айқындайтын берік негіз қалыптастыру үстіндеміз. Жоғары нәтижеге жету үшін тәжірибесі мен тәртібі бар мамандар қажет. Скотт Мунн – өз тәжірибесін қазақстандық футболды дамытуға бағыттайтын білікті маман. Оның кандидатурасы бұл қызметтің барлық талабына сай келеді және ел футболын лайықты нәтижелерге жеткізеді деп сенемін».
Өз кезегінде Скотт Мунн да жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді:
«Осындай маңызды кезеңде Қазақстан футбол федерациясының құрамына қосылғаныма қуаныштымын. Президент Марат Омаров айқындаған бағыт пен федерацияның атқарған ауқымды жұмыстары маған үлкен әсер қалдырды. Елдегі футболды дамытуға үлес қосу үшін клубтармен де, халықаралық деңгейдегі әріптестермен де тығыз жұмыс істеуге асықпын», деді ол.
Футболдан әлем чемпионаты финалының билеттері тағы қымбаттады