• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Сәуір, 2020

Ресейдің премьер-министрінен коронавирус анықталды

270 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясының Үкімет басшысы Михаил Мишустин өзінен коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлімдеді.

«Коронавирусқа тапсырған тест менің науқас екенімді көрсеткені жаңа ғана мәлім болды», - деді Михаил Мишустин Ресей Президенті Владимир Путинмен видеобайланыс барысында.

Министрлер кабинеті басшысының міндетін бірінші вице-премьер Андрей Белоусов атқаратын болды.

Михаил Мишустин жұмысын штаттық режимде жалғастыра береді. Президентпен және өзге әріптестерімен видеобайланыс арқылы сөйлесіп тұрады.