• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Абай 21 Шілде, 2020

Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылды

504 рет
көрсетілді

Қазақтың Ұлы ақыны – Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылып, арнайы жинақ болып жарияланды. Іс шараны – осы елдегі Қазақстан елшілігі ұйымдастырған, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Кітап тұсаукесері – Украинаның Черкасс өңіріндегі, Канев қаласында өтті. Абайдың қара сөздерін украина тіліне -  филология ғылымдарының докторы - Николай Васькив аударған. 

Ақын өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт бітімі, тұрмысы, дүниетанымы мен мінезі тамаша көрініс тапқан, - деп таңқалады аудармашы. Ең бастысы, қазақ ойшылынының терең пайымы Украина халқына да қаратып айтылғандай, - дейді автор. Әзірше 500 данамен жарық көрген жинақ  Ұлттық кітапхана мен мұражайларға жеткізілмек.  

Соңғы жаңалықтар