Астана қаласында «Медеу», «Қарталы», «Ақан сері» және «Сарыбұлақ» аялдамаларына уақытша кіруге шектеу қойылды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Осыған байланысты бірнеше автобус бағыты аталған аялдамаларда жолаушыларды отырғызу және түсіру жұмыстарын уақытша тоқтатты.
«Сарыбұлақ» аялдамасында №58, 120А, 46, 39, 65, 54, 4, 8, 120 және 16 бағыттары тоқтамайды.
Ал «Медеу» мен «Карталы» аялдамаларында №71, 120А, 46, 65, 54, 81, 4, 64 және 69 автобустары уақытша жүрмейді.
«Ақан сері» аялдамасында №58, 501, 46, 120А, 39, 65, 64, 4, 120, 8, 16 және 69 маршруттарының аялдауы шектелді.
Шектеудің нақты қашан аяқталатыны әзірге хабарланған жоқ.