• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Кино 01 Қазан, 2020

"Құйын" фильмі Түркияда өткен кинофестивальде жүлдеге ие болды

384 рет
көрсетілді

Түркияда өткен 7-ші Yed-i Velayet халықаралық кинофестивалінде Рахымжан Қалдыкөздің  "Құйын" фильмі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кинорежиссер Рахымжан Қалдыкөздің "Құйын" көркемсуретті фильмі Түркияның Бурса қаласында өткен 7-ші Yed-i Velayet халықаралық қысқаметрлі фильмдер фестивалінде үшінші орынды иеленді.

Марапаттау рәсімі 28 қырқүйекте өтті. Фестивальге келіп түскен 680 өтінімнің ішінен 7 фильм ғана ақырғы кезеңге өткен.

"Құйын" фильмі Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігінде түсірілген. Оқиғасы анасын жалмаған және әкесін мүгедектер арбасына байлаған жол апатынан кейінгі өмірін баз қалпына келтіруге тырысқан отбасы жайында.