• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Желтоқсан, 2020

Қазақстан вирустың таралуы бойынша төменгі тәуекел аймағында тұр

212 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Денсаулық сақтау Вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.

Қазақстан бүгінгі күні «жасыл» аймақта немесе COVID-19 таралуы бойынша төменгі тәуекел аймағында тұр. 9 желтоқсанға сәйкес COVID-19 оң нәтижелі 138 382 науқастар және КВИ-пневмониясымен 43 339 жағдайлар тіркелді. Қызыл аймақта 2 аумақ: олар Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары.

Соңғы жаңалықтар