• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қаңтар, 2021

Құтқарушылар жылыту бекетіне 15 адамды жеткізді

140 рет
көрсетілді

4 қаңтарда құтқарушылар жолда қалып қойған 15 азаматты жылыту бекетіне жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

4 қаңтарда сағат 02.10-да Курчатов қаласының құтқарушыларына алыс жолға шығатын жүргізушілер өтініш білдірді.

Павлодар облысына қарай блок бекетінде дизельді отынмен жүретін «Шансиман» маркалы 7 көлік жанармайы қатып қалғандығынан жүре алмай, тоқтап қалған екен. Оқиға орнына келіп жеткен ТЖБ мен 15-ӨСБ құтқарушылары 15 азаматты жылыту бекетіне жеткізіп, жергілікті атқарушы орган тамақтануды ұйымдастырды.