• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қаңтар, 2021

Сайлау-2021: Бірінші болып кім дауыс бергені белгілі болды

803 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореядағы Корё университетінде білім алушы  отандасымыз – Аделина Алпамыс ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның Жапониядағы және Корея Республикасындағы Елшіліктері жанындағы сайлау учаскелері өз жұмысын алғашқы болып бастады.

Токиодағы #261 және Сеулдегі #258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін ашылды. Бұл елдерде жүрген қазақстандықтар өздерінің сайлау құқығын бірінші болып пайдалана алады.