• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Бүгін, 20:28

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді

10 рет
көрсетілді

«AMANAT» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жобасы аясында Бәйдібек би ауылында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тазалық жұмыстарына аудан әкімі, партия мүшелері, мәслихат депутаттары және ауыл тұрғындары қатысты. Акция барысында елді мекен аумағы толық қамтылып, қоқыс жиналды. Сонымен қатар ағаш түптері қопсытылып, жасыл желек суарылды. Қатысушылар демалыс орындарындағы орындықтарды тазалап, сынған бұтақтарды жинады.

Нәтижесінде 250-ге жуық адам 12 гектар аумақты қоқыстан тазартып, шамамен 35 тонна қалдықты арнайы полигонға жөнелтті. Іс-шараға 10 арнайы техника жұмылдырылды.«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыровтың айтуынша, экологиялық мәселелерді шешу – партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған маңызды басымдықтардың бірі.

«Жыл басынан бері партиялық жоба аясында 5 мыңнан астам тұрғын экоакцияға қатысып, 250 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналды. Сонымен қатар 3 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Бұдан бөлек, сайлауалды бағдарлама аясында өңірдегі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін толық жою жоспарланып отыр. Сондай-ақ барлық ауданда қоқысты сұрыптауға және құрамында сынабы бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 1 000 контейнер орнатылады», деді Серік Нұрқадыров.

Астаналық студенттер «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өңірде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жүйелі түрде өткізіліп келеді. Мыңдаған тұрғын табиғатты таза ұстауға белсенді үлес қосып жүр.

Жаңа Конституция қағидатына сай «Таза Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар