• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2021

«Қостанайда жарылыс болады» деген ақпаратты полиция тексеріп жатыр

267 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 15:05 шамасында белгісіз ер адам Қостанайдағы «Оңтүстік» полиция бөліміне қоңырау шалып, Лермонтов көшесіндегі №18 үйде жарылыс болатынын хабарлаған.

Аталған мекенжайға дереу жеткен арнайы қызмет мамандары аталмыш ақпараттың жалған немесе рас екенін тексеріп жатыр.

«№18 үйдің тұрғындары түгелдей эвакуацияланды. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Қостанай облысы