• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Білім 05 Ақпан, 2021

Солтүстік Қазақстанда 500-ге жуық оқушыдан коронавирус анықталды

1626 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 500-ге жуық оқушы коронавирус инфекциясына шалдыққан. Олардың 40 пайызы вирусты 3-ші тоқсанда жұқтырыпты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қалыптасқан жағдайға байланысты өңірдегі 5 мектеп қашықтан оқыту тәртібіне көшті. Еліміздің солтүстігі әлі де қызыл аймақта қалып отыр.

«Үшінші тоқсанның басынан бастап коронавирус 189 мектеп оқушысынан анықталды. Олардың 106-сы офлайн тәртібінде білім алған. Сол себептен, Есіл ауданындағы Заградовская орта мектебі, Қызылжар ауданының Соколовка және Озерное ауылдарындағы мектептер, М.Жұмабаев ауданындағы – Қарағанды орта мектебі мен Булаево мектеп-бақшасы қашықтық режиміне ауыстырылды», деді облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.