• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2021

Қазақстанда бір аптаның ішінде 3 267 қылмыс жасалды

184 рет
көрсетілді

Бұл жайында Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бір апта ішінде 3 267 қылмыс жасалды. Оның 2 201-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіру қылмысын, 4 арты өлімге әкеп соққан қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 25 тонау және 504 бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын ашты»,  деді Н. Ораз Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде.

Айта кетейік, жоғарыдағы қылмыстың бәрі өткен аптада тіркелген.