• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Маусым, 2021

Демеу Жадыраев Түркиядағы турнирдің күмісін еншіледі

361 рет
көрсетілді

Грек-рим күресінен Түркияда өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан командасы кезекті жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

77 келіде белдесетін Демеу Жадыраев финалда түркиялық балуанға 3:3 есебімен жол беріп, турнирдің күміс жүлдегері атанды. 

Одан бөлек, 60 келідегі Айдос Сұлтанғали мен Мейрамбек Айнағұловтың қола медаль жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.