• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Тамыз, 2021

Ақтауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар ұсталды

260 рет
көрсетілді

Жақында Ақтау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне «LOTO-CLUB» букмекерлік кеңсесіне белгісіз екі адамның қарақшылық шабуыл жасағандығы жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Олар күзетші мен касса қызметкерін пышақпен қорқытып, кассадан 1 150 000 теңге ақша қаражатын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.

Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмеді.