• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Қыркүйек, 2021

Атырау-Орал бағытындағы жолда екі адам қаза тапты

256 рет
көрсетілді

9 қыркүйекте, таңғы сағат 07:50 шамасында Атырау-Орал тас жолының 57 шақырымында Toyota Prada мен Skoda Rapid автөкөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан Skoda Rapid көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz Атырау облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департамент өкілдерінің хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан жол ережесін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.