• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қазан, 2021

Қазақ боксшыларының IBF рейтингіндегі орны анықталды

314 рет
көрсетілді

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық боксшылардың позициялары:

Екінші орта салмақ бойынша Айдос Ербосынұлы төртінші орында қалды, ол ресейлік Евгений Шведенкодан бір жол төмен орналасқан.

Рейтингінің алғашқы екі позициясы бос.

IBF әлем чемпионы – АҚШ боксшысы Калеб Плант.

Орта салмақтағы қазақстандықтардың рейтингі өзгермеді:

Жәнібек Әлімханұлы – тоғызыншы, Мейірім Нұрсұлтанов – оныншы, ал Қанат Ислам 13-орында қалды.

Әлем чемпионы титулы Геннадий Головкинге тиесілі, мұнда да алдыңғы екі позиция – бос, ал үшінші орында – Патрик Войцицки.

Жартылай орта салмақта Данияр Елеусінов бұрынғыша 14-орында қалды.

Үздік үштік келесідей:

Кудратилло Абдукахоров (Өзбекстан), Шон Портер мен Джарон Эннис (екеуі де – АҚШ). Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев та өзінің позициясын өзгертпеді – бұрынғыша 13-орында тұр.

Рейтингіде аргентиналық Йеремиас Понсе көш бастаған. Одан кейін пуэрто-риколық боксшы Сабриэль Матиас пен аустралиялық Лиам Паро орналасқан. Осы салмақтағы IBF әлем чемпионы белдігін британдық Джош Тэйлор иеленген.