• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Желтоқсан, 2021

ITTF Hopes командасына кіруді көздейді

240 рет
көрсетілді

Кеше Иорданияның Амман қаласында үстел теннисінен ITTF World Hopes Week & Challenge турнирінің жалауы желбіреді. Жарысқа әлемнің әр түкпірінен жиналған дарынды жас спортшылар қатысуда.

Турнир ережесі бойынша, байрақты бәсекеде 20 ер, 20 қыз спортшы бақ сынай­ды. Оларға Ева Джелер (Аустралия), Зол­тан Баторфи (Мажарстан), Пачинте Осман (Мысыр), Матильда Экхольм (Шве­ция), Ахмед Әл-Моханнади (Қатар) сынды тә­жірибелі бапкерлер бас-көз болып, ақыл-кеңесін айтады. Жарыс қорытындысы бойын­ша үздіктер таңдалып, ITTF Hopes өз командасын жасақтап шығарады. Бұл турнирде Қазақстан намысын 12 жастағы ақтаулық Аққу Темірханова қорғайды.