• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қаңтар, 2022

Елордада киім дүкенінен өрт шықты

220 рет
көрсетілді

Елордада Cotton киім-кешек дүкенінен өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін сағат 08:54-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметіне Мәңгілік ел 19/1 даңғылындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.

«Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде «Cotton» дүкенінде өрт шыққаны анықталды. Өрт орнында жеке құрамнан 22 адам және 4 техника жұмыс істеді», деді қалалық ТЖД.

Өрт 09.22-де ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар