• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.55
  • EUR:
    596.03
Басты сайтқа өту
Үкімет 24 Ақпан, 2022

Ресей премьер-министрі Мишустин Нұр-Сұлтанға келді

310 рет
көрсетілді

Премьер-министр Михаил Мишустин бастаған Ресей делегациясы Нұр-Сұлтанға ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Делегацияны премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды. Содан кейін ол санитария нормаларына сәйкес толық құраммен бірге коронавирусқа қарсы ПТР-сынамасын тапсырды.

Еске салайық, Ресей премьер-министрі 24, 25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысады.

Бұл іс-шараға Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.