Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдардың сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Еске салайық, кеше Қытайдың Хунань провинциясы аумағындағы пиротехникалық зауытта жарылыс болды. Оқиға салдарынан 21 адам қаза тауып, 61 адам жарақат алды.