• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Наурыз, 2022

Елордада заңсыз майнинг фермасы анықталды

284 рет
көрсетілді

Бұл туралы  Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп, қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде заңсыз майнинг фермасын анықтады.

Майнингке арналған 56 бірлік құрал-жабдық табылды. Өндірілген криптовалютаны 237 000 АҚШ долларлар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдыру жүзеге асырылған. Тергеу амалдары жүргізілуде», делінген агенттік мәліметінде