• RUB:
    6.44
  • USD:
    508.5
  • EUR:
    580.66
Басты сайтқа өту
Теннис 23 Сәуір, 2022

Юлия Путинцева Ыстанбұл турнирінің финалына шыға алмады

236 рет
көрсетілді

Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Ыстанбұл WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ю. Путинцева жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 122-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші үш брейк жасап, басымдық танытты – 6:2.

Есесіне, екінші сетте 21 жастағы А. Потапова есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда ресейлік теннисші есепті 5:1-ге жеткізіп, матчқа доп бергенде, Путинцева брейк жасай алды. Бірақ, одан әріге шамасы жетпеді – 2:6.

Тартысты бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

А. Потапова жүлде қоры 251,7 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың бас жүлдесі үшін әлемнің 24-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстя немесе рейтингте 29-сатыдағы ресейлік Вероника Кудерметованың біреуімен таласады.

 

 

Соңғы жаңалықтар