• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 16:48

Украина президенті кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермак қамауға алынды

50 рет
көрсетілді

Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жоғары соты Президент кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермакты ақша жымқыру ісі бойынша екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сот шешіміне сәйкес, ол 140 млн гривна (шамамен 3,2 млн доллар) көлемінде кепіл енгізсе, бақылаудан босатылып, сотқа келу міндеттемесін алады.

Кепіл төленген жағдайда Ермакқа Киевтен кетпеу, шетелдік паспорттарын тапсыру және іс бойынша бірқатар тұлғамен, соның ішінде Тимур Миндичпен, Украинаның бұрынғы вице-премьері Алексей Чернышовпен және астролог Вероника Аникиевичпен байланыс орнатпау міндеттеледі.

Сотта Ермак өзінде ондай қаражат жоқ екендігін, алайда «жеткілікті достар мен таныстар» бар екенін айтып, олардың көмектесе алатынына үміт білдірді.

Сонымен қатар ол тағылған барлық айыптарды жоққа шығарды.

Зеленский: Ресей шабуыл операцияларын жоспарлап, мобилизацияны кеңейтуді көздеп отыр

Айта кетейік, Андрей Ермак – Украинадағы жоғары деңгейлі саяси шенеунік ретінде танылып, Владимир Зеленскийдің ең жақын саяси кеңесшілерінің бірі болған.

Бұған дейін Зеленский Путинмен кездесу бейтарап аумақта өтсе, келіссөз өткізудің мүмкіндігін қарастыратынын айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар