Түркиялық скаут Али Эмре Темірлан Анарбековты «Фенербахче» клубында көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз «Сити», «Бавария», «ПСЖ» немесе «Барселона» емеспіз. Бізге шабуылды қақпадан бастайтын қақпашы қажет емес. Бізге қақпа сызығына байланып қалмайтын, допты қағып салуда шебер және қорғанысты басқара алатын қақпашы керек. Мен үшін бірінші нұсқа − Константинос Цолакис, одан кейін Темірлан Анарбеков», деді Али Эмре.
Темірлан Анарбеков – «Қайрат» қақпашысы. 2025 жылдың жазында Анарбеков «Селтикке» қарсы ойында матчтың қаһарманы атанды. Алматы клубы чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтіп, пенальти сериясында шотландиялықтарды 3-2 есебімен жеңді. Анарбеков үш соққыны тойтарып, командаға негізгі және қосымша уақытта қақпаны голдан сақтауға көмектесті.
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үш голкиперінің бірі атанды
Еске салайық, 2026 жылдың 27 қаңтарында Темірлан Анарбеков «Қайратпен» жаңа келісімшартқа қол қойып, 2028 жылдың 30 қарашасына дейін сол командада өнер көрсететін болып келіскен.