• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Маусым, 2022

Есірткіге қатысты 138 қылмыстың беті ашылды

484 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ел аумағында есірткіге қатысты 138 қылмыс ашылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстанда кең ауқымды «Қарасора-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр. Операцияны Ішкі істер министрлігі жыл сайын 1 маусымнан 30 қазанға дейін өткізеді. Операция басталғаннан бері есірткі қылмысының 138 фактісі анықталды. Оның ішінде 62-сі - есірткі өткізу, 15-і - аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау, 43-і - құрамында есірткі бар тыйым салынған өсімдіктерді өсіру және 10-ы есірткі контрабандасына қатысты», деді Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, заңсыз айналымнан 383 келі есірткі заты тәркіленді. Мәселен, Қарағанды облысының полиция қызметкерлері Жамбыл облысынан есірткі заттарын жеткізу арнасын жойды. Қылмыстық топтың 5 қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына құрықталды. Сондай-ақ заңсыз айналымнан 200 келі марихуана есірткі заты тәркіленді.

«Түркістан облысында жедел іс-шаралар өткізу барысында Сарыағаш ауданында 1 870 дана апиын көкнәрін заңсыз өсіру фактісі анықталды. Ал Қызылорда облысының полициясы 1 149 түп сора заңсыз өсірілген есірткі плантациясын анықтады. Сол жерде есірткіні заңсыз сақтағаны және өсіргені үшін бұрын бірнеше рет сотталған 50 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды», деп қосты министрлік өкілі.

Соңғы жаңалықтар