Эквадор президенті Гильермо Лассо коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Президент жанындағы Қоғаммен байланыс жөніндегі Бас хатшылық республика президенті Гильермо Лассоның COVID-19 сынағы оң нәтиже бергенін хабарлайды», делінген хатшылықтың Twitter-дегі парақшасында.
Ол соған қарамастан жұмысын жалғастырып жатыр.
Айта кетсек, президент аталған індетке қарсы екпе алған.