• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Маусым, 2022

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

232 рет
көрсетілді

Қазгидромет 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлттылық алқаптары, өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақты ала келеді. Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді.

Солайша бұлттардың саны азайып, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасы + 25+35°С градус, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, ал оңтүстікте +40+45 градус ыстық болжанады.