• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Балалар Бүгін, 15:28

Қазақстанда 1,7 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылған

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және оқушыларды сапалы, теңгерімді тамақпен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Бұл бағытта бірқатар жаңа технологиялар іске қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде 1-4 сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы жоғары сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жалпы алғанда бұл шара 1,7 млн балаға қолданылады.

Мектептегі жеңілдіктерді нақты және ашық есепке алу үшін Цифрлық отбасы картасының мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылып келеді. Бұл жүйе мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Елордада жаңартылған 8 аула балалар игілігіне берілді

Сонымен қатар санитарлық қауіпсіздік стандарттары да күшейтілді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңартылған Кодекс аясында мектеп асханаларына проактивті мониторинг енгізілді. Бұл алдын ала ескертусіз тексерулер жүргізуге жол ашады.

Еске сала кетейік, бұдан бөлек бүгінде елімізде 1,8 млн-ға жуық бала тұрақты түрде спортпен айналысады.

Соңғы жаңалықтар