• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2022

Алматының екі ауданында бірнеше күн ыстық су болмайды

Алматының екі ауданында ыстық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Алматы жылу желілері» ЖШС-не сілтеме жасап.

Алматы қаласының Түрксіб және Наурызбай аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үй мен өзге де ғимараттарға ыстық су беру көшелер мен тұрғынжайлар контурларында шектеледі:

11 шілдеден 15 шілдеге дейін:

Хмельницкий - Староэлеваторская - Бакинская - Куйбышева,Шахтинск - Аяз би - Демченко - Атбасар,Урицкий – Бейсебаева - Нұрсая - Бартольд,Остроумова - Красногорская - Дегдар - Остроумова;

11 шілдеден 1 тамызға дейін:

Райымбек - Жуалы - Абай - Алтын орда.

«Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар