• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау 26 Қыркүйек, 2022

Әскери-әуе күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

660 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Тиісінше, Президенттің өкімімен Нұрболат Еркебайұлы Топаев ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.