• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Елорда 04 Қазан, 2022

Астанада шорт-тректен Қазақстан кубогы өтеді

138 рет
көрсетілді

5-7 қазан аралығында Астанада шорт-тректен Қазақстан Республикасының кубогы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жарыстар Қазақстан құрамасының спортшылары үшін алдағы әлемдік жарыстарға іріктеу кезеңі саналады.

«Әлем чемпионатының кезеңдері үшін 12 спортшы іріктеледі: 6 ер және 6 әйел», деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.

Турнирде еліміздің ең мықты спортшыларымен қатар ұлттық құраманың жетекшілері өнер көрсетеді.