• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Футбол 11 Қазан, 2022

Чемпион болуға жақындады

310 рет
көрсетілді

Өткен демалыс күндері футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті тур ойындары өтті.

 

Турнир кестесінде көш бастап тұрған «Ақтөбе» 22-турда өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ чемпиондық жарыста «Ақтөбені» өкшелеп келе жатқан «Астана» да елордада Шымкенттің «Ордабасы» клубының қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Ал үшін­ші орындағы былтырғы ел чемпионы «То­был» күтпеген жерде Павлодарда жергілікті «Ақсудан» 3:0 есебімен жеңіліп қалды.

Жоғары топтағы орнын сақтап қалу үшін жанталасып жатқан «Мақтаарал» мен «Ақжайық» арасындағы бәсекеде Түркістан облысының командасы маңызды үш ұпайын олжалады – 1:0. «Қайрат» сырт алаңда «Атыраудан» басым түсті – 2:1. Ал «Тараз» – «Қызылжар» (0:0) және «Шахтер» – «Тұран» (0:0) матчтарында есеп ашылған жоқ.

Турнир кестесінде «Ақтөбе» 45 ұпаймен чемпиондыққа жақындап келеді. Екінші орындағы «Астананың» еншісінде 41 ұпай бар. Ал «Мақтаарал» 21 ұпаймен көш соңында тұр.

Соңғы жаңалықтар