• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Футбол 05 Желтоқсан, 2022

Әлем чемпионаты: Бүгін 1/4 финалдың екі қатысушысы анықталады

591 рет
көрсетілді

Бүгін Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалының тағы екі ойыны өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күннің алғашқы ойынында Жапония Хорватиямен ойнайды. Кездесу сағат 20:50-де басталады. 

Екінші ойын дүйсенбіден сейсенбіге ауған түні Бразилия құрамасы Оңтүстік Кореямен ойнайды. Ойын сағат 00:50-де басталады. 

Еске салайық, плей-офф кезеңінің алғашқы екі матчының қорытындысы бойынша Нидерланды, Аргентина, Франция және Англия ширек финалға шықты.