• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Ауа райы 09 Ақпан, 2023

Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

311 рет
көрсетілді

Синоптиктер 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша республиканың оңтүстігінде, шығысында қар жауады.

«Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», делінген хабарламада.

Мамандардың болжамына қарағанда, республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал.