Ыстық судан ажыратылған үйлердің тізімі ЖШС-ның Тelegram-арнасында және @ete_ekb instagram-аккаунты стористерінде жарияланады.
«Екібастұз қаласында жылу желілерін тығыздыққа гидравликалық сынау аяқталды. Төрт күн бойы барлық магистральдік және орамішілік желілер сыналды. Гидравликалық сынаулардың 4 кезеңі нәтижесінде желілердің 269 зақымы (оның ішінде магистральдік құбырларда - 34 және орамішілік құбырларда - 235) анықталды», делінген компания таратқан хабарламада.
Компания мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері анықталған зақымдарды жою жұмыстарына кірісіп кетті.