Алматының Алғабас шағынауданы Бесінші белес көшесінде орналасқан автосервис нысаны сүрілді, деп жазады Egemen.kz.
Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс барысында құрылыстың рұқсатсыз салынғаны анықталған. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді
Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан басқарма Алматының Алатау аудандық сотына талап-арыз түсірген. 2025 жылдың 29 мамырында аудандық сот талап-арызды қанағаттандырған. Ал Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды бірер күн бұрын бұзған.