• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Шілде, 2023

Көшпелілер әлемі

Жуырда Қарасай ауданындағы «NOMAD» этноауылында жас ұрпақтың тарихымызды тереңнен тануына мүмкіндік беретін «Көшпелілер әлемі» атты танымдық фестивалі ұйымдастырылды.

Мәдени іс-шарада батыр да ер­жүрек ата-бабаларымыз киген сауыт-сайман мен қару-жарақ­ үлгілері көпшіліктің назарына ұсынылды. Фестивальде жа­уынгерлердің жек­пе-жек сайысы, қаруды пай­даланудың әдіс-тәсілдері мен тең­ге ілу, аударыспақ, жамбы ату, көкпар сынды ұлттық ойындар көрсетілді.

«NOMAD» этноорталығы ашық аспан астындағы «тірі» музей саналады. Олай дейтініміз, өзге мұра­жайларда жәдігерлерге қол тигізуге тыйым салынған. Біздің экс­­понаттарды қолмен ұстап, киіп көруге де рұқсат етілген», дейді этно­­ауылдың негізін қалаушы Жан­­дос Нұрбеков.

Соңғы жаңалықтар