• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Президент 02 Қыркүйек, 2023

Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады

278 рет
көрсетілді

Кадрлық ауыс-түйіс туралы хабарламаны Ақорданың баспасөз қызметі таратты, деп жазады Egemen.kz.

Нақты айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.