• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қыркүйек, 2023

Албания Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

258 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.