• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Желтоқсан, 2023

Қостанайда қиранды астынан 3 адам шығарылды

155 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 12:36-да Қостанай қаласындағы Амангелді елді мекенінде газ жарылып, 7 адам қиранды астында қалған еді. Құтқарушылар 3 адамды үйінді астынан алып шықты, деп жазады Egemen.kz.

Қиранды астынан шығарылған үш адамның үшеуі де аман. 

Қазір төтенше жағдай болған орында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті жарылыс жүк көліктерін жөндейтін ғимаратта болғанын мәлімдеді. 

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда газ жарылып, 7 адам қиранды астында қалғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар