• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Ақпан, 2024

Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

476 рет
көрсетілді

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен тергеп жатыр.

«Зауыт басшылығына мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардапқа әкеп соққан лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша іс қозғалды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды»,  деп хабарлады агенттіктен.