• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Сәуір, 2024

«7 млрд теңге». Су тасқынына қарсы бөлінген қаржы қайда?

402 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейін су тасқынының алдын алу және зардаптарын жоюға бөлінген 7 млрд теңгенің қайда жұмсалғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Вице-министр су тасқынына қарсы 7 миллиард теңге бөлінбегенін жеткізді.

«Шын мәнінде су тасқынына қарсы 7 миллиардтан аса қаржы бөлінбеді. Айтылған сумма тек қарастырылды. Осының ара-жігін ажыратқандарыңызды қалаймын. Бүгінгі таңда әкімдіктердің мәліметінше, бұл қаржының бір бөлігі, 3 миллиард теңгеден астам сумма бөлінген. Қаржы ресурстары өздеріңіз көріп отырғандай су тасқынының алдын алуға және онымен күресуге бағытталған», деді Бауыржан Сыздықов.