• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Ауа райы 08 Сәуір, 2024

Бүгін жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы

207 рет
көрсетілді

Синоптиктер 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мамандардың айтуынша, ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Айта кетсек, солтүстік-батыста, солтүстікте, республиканың орталығында жауын-шашын болады. 

Орталықта, күндіз еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста жаңбырсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман күтіледі, жел күшейеді, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнайды, оңтүстікте бұрқасын болады.