• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Маусым, 2024

Павлодар облысында көлік түгі қалмай өртеніп кетті

175 рет
көрсетілді

12 маусым күні сағат 11:02-де Екібастұз қаласы, Құдайкөл ауылының маңында автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы дереу оқиға орнына жөнелтілген.

«Өрт 11:29-да сөндірілді. Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті