• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Маусым, 2024

Алматыдағы автобус апаты: 1 адам көз жұмды

267 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласындағы Мақатаев - Масанчи көшелерінің қиылысында автобус апаты болғанын хабарлаған едік. Апат салдарынан 1 адам көз жұмып, 16 адам зардап шеккені анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Қалалық Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жол-көлік оқиғасы сағат 14:20 шамасында болған. 

«Алдын ала мәлімет бойынша, «Kia» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сity-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соғылған», делінген полиция өкілдерінің түсініктемесінде.

Кісі өлімі болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.