• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 09 Қыркүйек, 2024

Ел спортшылары аударыспақтан тағы екі алтын медаль еншіледі

194 рет
көрсетілді

Елордада өтіп жатқан көшпелілер ойындарында ел спортшылары аударыспақтан тағы 2 алтын медаль олжалады, деп жазады Egemen.kz.

Аударыспақтан 70 келі салмақта сынға түскен Алмат Ләтіпбек жеңімпаз атанып, алтын медаль олжалады. 

Сондай-ақ 80 келі салмақта сынға түскен Дарын Өткелбай да алтыннан алқа тақты. 

Бұған дейін 60 келі салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбайдың алғашқы алтынды жеңіп алғанын хабарлаған едік.